ru24.pro
World News in Kazakh
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Түркістан облысында “Жайлы мектеп“ жобасы аясында тағы бір мектеп ашылды

0
Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы, Сауран ауданында жаңа мектеп есігін айқара ашты. Нысан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәліметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысы, Сауран ауданындағы Еңбекші диқан ауылында орналасқан білім ордасы 600 орынға шақталған.

Мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, оқушылар мен ұстаздар қауымын жеке құттықтады. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды оқушыларға оқуда озат болуын тілеп, ұлттық жобаның маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, облыс әкімі биыл "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында бұдан бөлек 29 мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл - 17 800 орынды құрайды. Нысандар құрылысы аяқталып, пайдануға берілгеннен кейін оқушы орындарының тапшылығы жойылады деп жоспарланған.


"Мемлекет басшысының бастамасымен бүгінгі таңда елімізде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қабылданып, заманауи, озық үлгідегі білім ошақтары салынып жатыр. Бұл бастама апатты және үш ауысымдық мектептер мәселесін шешіп, оқушы орындарының тапшылығын жояды. Биыл облысымызда жалпы қуаттылығы 17800 орынды құрайтын 29 жайлы мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Біз білім саласына қолдауды жалғастырамыз", - дейді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.


Сонымен қатар, оқушылар мен ұстаздар игілігі үшін салынып, қолдануға берілген оқу ұясының жабдықталуы мен қауіпсіздік деңгейі заман талабына сай екені және ұсыныстарға жауап беретіні айтылды. Бастама еліміздегі апаттық, үш ауысымды мектептер мен орын тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. Білім ордасы қазіргі жаңа бірыңғай стандарт бойынша салынды. Мектеп физика, химия, биология және робототехника пәндері бойынша заманауи кабинеттермен жабдықталған. Бұл оқушылар мен ұстаздардың пәндерді меңгеру кезінде барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып игеруіне мүмкіндік береді.
Айта кетейік, биыл Түркістан облысында 50 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 29 мектеп "Жайлы мектеп" жобасы аясында бой көтерген.
Еске салайық, бұған дейін "Жайлы мектеп" жобасы аясында Түркістанда тағы бір мектеп қолданысқа тапсырылған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!