ІІМ: Алматы мен Астанада адамның бет-жүзін танитын 1,8 мыңнан астам камера орнатылған
Алматы мен Астанада адамның бет-жүзін танитын 1,8 мыңнан астам бақылау камерасы орнатылған. Ішкі істер министрлігі "Власть" сайтына жіберген жазбаша жауабында осындай мәлімет келтірген.
"Астанада бет-әлпетті тану функциясын пайдаланатын бейнебақылау камераларының жалпы саны – 648, ал Алматыда осындай 1165 камера бар" деп жазылған министрлік жауабында.
Ведомствоның сөзінше, мұндай камералар негізінен террористік қауіп тұрғысынан осал саналатын нысандарда (темір жол вокзалдары, әуежай, қонақүй, сауда орталықтары және тағы басқа) пайдаланылады.
Басылым ведомствоға "бұл жүйеге қанша қаражат жұмсалды?" деп сұраған. ІІМ-нің түсіндіруінше, жобаны Алматы мен Астананың жергілікті атқару органдары жүзеге асырып жатқандықтан министрліктің бюджетінде оған ақша қарастырылмағанын айтқан.
20 қарашада ІІМ Алматы мен Астанада жасанды интеллект көмегімен адамның бет-жүзін танитын жүйе іске қосылғанын хабарлаған. Ол іздеуде жүрген адамдарды тануға, қоғамдық орындарда қалған заттар жөнінде хабар беруге, заңсыздықтарды автоматты түрде тіркеуге, көліктерді анықтауға мүмкіндік береді деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Мұндай "ақылды" камералар темір жол вокзалдарында, аэропорттарда, қонақүйлерде, сауда орындарында, көшелерге орнатылған. Осындай жүйенің көмегімен Астанада іздеуде жүрген – 46 адам, Алматыда 30 адам табылып ұсталған.
Министрліктің мәліметінше, қазіргі кезде елде 1 млн 359 мың бейнекамера бар, 310 мыңы жедел басқару орталықтары және полицияның кезекші бөлімдерінде орнатылған. Дегенмен олардың қаншасы "ақылды" екені жөнінде мәлімет жоқ.
Бұған дейін Азаттық Қазақстанда кеңінен қолданылатын қытайлық Hikvision мен Dahua Technology өнімдерінің қауіпсіздігі мәселесін зерттеп көрген.