ru24.pro
World News in Kazakh
Декабрь
2024
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазір Оңтүстік Кореяда қанша қазақстандық бар?

0

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Оңтүстік Кореядағы отандастарымызға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бақаев Қазақстан басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпайтынын атап өтті.

"Қазақстан Республикасының дипломатиясы - ешқашан басқа елдердің ісіне араласпау. Оңтүстік Кореяда болып жатқан оқиғаның бәрі - Оңтүстік Корея мәселесі. Біздің бүгінгі басты міндетіміз – елден тыс жерде азаматтарымыздың құқықтарын барынша қамтамасыз ету", - деді ол Мәжілісте өткен брифингте.

Сыртқы істер министрлігі басшысы орынбасарының айтуынша, қазір Оңтүстік Кореяда 30 мыңнан аса қазақстандық бар.

"Оңтүстік Кореяда болып жатқан жағдайға қарамастан, Қазақстан азаматтары елшіліктен көмек сұраған жоқ. Егер жүгінсе, елшілік барлық қажет қолдауды көрсетеді. Олардың санының көп болуы - визасыз режим. Оңтүстік Кореядан да, Грузиядан да зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ", - деп қосты ол.

Сондай-ақ Әлібек Бақаев онда тұратын қазақстандықтардың Оңтүстік Кореядан кетудің қажеті жоқ екенін түсіндірді:

"Оңтүстік Кореядағы елшілік мұндай кеңес бермеді, тағы қайталап айтайын, Оңтүстік Кореяда болып жатқан жағдай әскери жағдай емес, бірақ олар әскери жағдайды енгізуге тырысты. Әрбір азамат елден кету-кетпеуді өзі шешеді", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Сеулде қақтығыстар басталып, көшелерде әскери техника жүргені хабарланды. Кейінірек Қазақстанның Корея Республикасындағы елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!