Қазақстандық әйелі бұрынғы күйеуін бетінен шапалақпен ұрғаны үшін жазалады
Қазақстандық әйел бұрынғы күйеуін шапалағы үшін жазалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы облысы Алакөл ауданының тұрғыны достарымен бірге отырыстан кейін бұрынғы әйелімен татуласуға шешім қабылдаған. Ол оны тұрғын үйдік кіреберісінде күтіп алған, алайда олардың әңгімесі жанжалға ұласып, ер адам әйелдің бетіне шапалақпен ұрып жіберген.
Алакөл аудандық соты ер адамды әйелдің денсаулығына зиян келтірмегенімен, физикалық ауырсыну тудырған соққысы үшін кінәлі деп тапқан. Ол 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасына кесілді. Ер адам өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтып, пробация қызметі есебіне алынған.
"Алайда қоғамдық жұмыстардың бірінші күнінен кейін ер адам бұрынғы әйелін кездестіріп, оған балағат сөздер айтқан. Осы әрекеті үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алакөл ауданының пробация қызметінің қызметкерлері қоғамдық жұмыстарды қамауға ауыстыру туралы сотқа ұсыныс енгізді. Аудандық сот ұсынысты қанағаттандырып, орындалмаған 32 сағат қоғамдық жұмыс сегіз тәулік қамауға алмастырылды", – деп хабарлады полиция.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!