Майқайыңда қаза тапқан құтқарушылардың отбасына қандай көмек көрсетілді?
Павлодар облысы әкімі Асайын Байханов Майқайыңда қаза тапқан құтқарушылардың отбасыларына қандай көмек көрсетілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкім Олег Тышкевич пен Сарқыт Бердіқан, дәл 4 қаңтарда оқиға болған күні табылғанын, ал Айдос Шаймерден 19 шілде, Айып Төлеуберген 25 шілде табылғанын айтты. Сондай-ақ, ол қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек көрсетілгенін айтты.
Айдос Шаймерденнің отбасына "Майқайыңалтын" АҚ мен ПВААС-тан 52,6 миллион теңге, отбасының 10,9 миллион теңге несиесі өтелді, Павлодарда 4 бөлмелі пәтер беріліп, кәмелетке толмаған 5 баласына ай сайын 259,6 мың теңге төленеді.
Сарқыт Бердіқанның отбасына "Майкайнзолото" АҚ мен ПВААС-тан 39,9 миллион теңге, отбасының 1 миллион теңге несиесі өтелді, кәмелетке толмаған 2 баласына ай сайын 104,2 мың теңге төленеді.
Олег Тышкевичтің отбасына "Майкайнзолото" АҚ мен ПВААС-тан 14,9 миллион теңге, отбасының 1,5 миллион теңге несиесі өтелді, кәмелетке толмаған балаларына біржолғы 716 мың теңге төленеді.
Айып Төлеубергеннің отбасына "Майкайнзолото" АҚ мен ПВААС-тан 17,2 миллион теңге, отбасының 14,4 миллион теңге несиесі өтелді, кәмелетке толмаған 1 баласына ай сайын 187,9 мың теңге төленеді.
"Олег Тышкевичтің 2 баласы бар. Олар үлкен кенжесі 23-те. Олар сотқа шағымданды. Соттың аппеляциялық инстанциясында әр баласына 7,5 миллион теңге деп өзгертілді. Мен сот шешіміне пікір білдіре алмаймын. Біз оған араласа алмаймыз. Жалпы 183 миллион теңгеге 4 отбасыға жәрдем көрсетілді. Өтемақы толығымен беріліп қойды", - деді ол.
Еске салайық, 25 шілдеде Майқайыңда шахтаға құлап, мерт болған төртінші құтқарушының денесі табылған болатын. Ол Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі соңғы құтқарушы - жүргізуші Айып Тілеубергенов болып шықты.
Ал Айдос Шаймерден 19 шілдеде табылды. Табылған жетон мен киімінен құтқарушылар взводы командирінің 36 жастағы орынбасары Айдос Шаймерденнің денесі табылғаны анықталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!