Қазақстандағы “ең бай зейнеткер“ қанша алады? БЖЗҚ мәліметі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) Қазақстандағы ең жоғары ай сайынғы зейнетақы төлемінің сомасын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қор мәліметінше, елдегі "ең бай зейнеткер" ай сайын 945 752 теңге алады. Сонымен қатар, БЖЗҚ-дан зейнеткерлік жасқа жетуге байланысты орташа ай сайынғы төлем сомасы - 33 865 теңге.
БЖЗҚ мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың 1 қарашасына қарай Қазақстанда 16,9 миллион зейнетақы шоты тіркелген.
"Зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірістер түріндегі түсімдердің есебінен артып келеді. 2024 жылдың 10 айында салымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналары 2,2 триллион теңгеден асқан (былтырғымен салыстырғанда 29,7 пайызға немесе 514,6 миллиард теңгеге өсті)", – делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!