ru24.pro
World News in Kazakh
Ноябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30

“Суық пен аштықтан қиналып қалдым“: жасөспірім тауға шығып, түсе алмай қалған

0

Алматы облысында Іле Алатауы тауларында ТЖМ қызметкерлері жасөспірімді құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
22 қарашада күндіз 112 пультіне 2008 жылы туған жасөспірім хабарласты, ол теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте орналасқан Букреев шыңына көтеріліп, өз бетінше түсе алмай қалған.

"Ол байланыста болды, таулы жерде ол жалғыз болған. Құтқарушылар баланың көтерілу бағытын анықтап, аумақты тексеруге кірісті. Жасөспірімді тауып алған ТЖМ қызметкерлері жасөспірімді таудан түсіріп, Алматыға жеткізді. Оны туыстары күтіп тұрған еді. Оған барлық қажетті көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.

Жасөспірім құтқару операциясын жүргізген ведомство қызметкерлеріне алғысын білдірді.

"Мені үйге әкелгендеріңіз үшін рақмет. Сіздер болмасаңыздар, қалай қайтар едім, білмеймін. Суық пен аштықтан қиналып қалдым", – дейді ол.

ТЖМ тауға шығу, бірқатар ережелер қатаң сақталған жағдайда ғана қауіпсіз екенін еске салады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!