Мопедке үш жасөспірім мінгескен: Жаңаөзенде жол апатынан бір адам қаза тапты
Жаңаөзенде 18 қарашада шамамен 20:30-да жеңіл көлік пен мопед соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, мопедте үш жасөспірім отырған.
"2010 жылы туған екі ұл бала Жаңаөзен көпсалалы қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді", – деп хабарлады жедел жәрдем қызметі.
Фото: lada.kz2011 жылы туған үшінші жасөспірім апат орнында қаза тапқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!