ru24.pro
World News in Kazakh
Ноябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстанда қарлы боран мен көктайғақ күтіледі

0

Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде, 19, 20 және 21 қарашада қандай ауа райы күтілетіні туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің айтуынша, ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Республиканың аумағына тағы бір солтүстік-батыс циклоны жақындап, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын әкеледі, кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік өңірлерде боран күтіледі.
21 қарашаға қарай елдің батысы мен солтүстік-батыс аймақтары антициклон ықпалында болады, соның салдарынан бұл өңірлерде құрғақ ауа райы орнығады. Алайда басқа облыстарда тұман мен қатты желдің күшеюі жалғасады.

"Ауа температурасының күрт өзгеруі күтілмейді", – деп толықтырды метеорологтар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!