Алматыдағы экобекеттерде 437 миллион теңге болатын заңбұзушылықтар анықталды
Алматыдағы табиғатты қорғау бекеттерінде 25 мыңнан аса экологиялық нормалардың бұзылуы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті полиция қызметі мәліметінше, қалада 19 табиғатты қорғау бекеті бар. Олар қаланың периметрі бойынша орналастырылған. Жыл басынан бері табиғатты қорғау бекеттерінде 25154 құқық бұзушылық анықталды.
"Ластаушы заттардың мөлшері бойынша нормативтерден асатын автокөліктерді және басқа да жылжымалы көлік құралдарын пайдаланғаны үшін 25154 әкімшілік хаттамалар толтырылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 437 миллион теңгеден асты", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!