CNN: Трамптың ауыспалы командасы ФБР тексерістерінен жалтаруға тырысып жатыр
АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамптың ауыспалы командасы ФБР тексерістерінен жалтаруға тырысып жатыр. Бұл жөнінде CNN жазды. Ережеге сәйкес, президент ұсынған кандидаттардың биографиясы тексеріледі.
Трамп пен одақтастары "ФБР жүйесі баяу қимылдайды және бұл сайланған президенттің өз күн тәртібін алға жылжыту жоспарына кедергі келтіруі мүмкін" деп санайды. Бұл жөнінде жағдайдан хабары бар дереккөздер хабарлады.
Кейінгі күндері Трамп бірнеше кандидатты үкіметтегі жоғары лауазымды қызметтерге ұсынған. Арасында бас прокурор қызметіне ұсынылған Мэтт Гетц пен ұлттық барлау қызметінің директорына ұсынылған Талси Габбард да бар.
Президенттің барлау деректерін кімге беру керектігін шешуге құқығы бар. Бұрын кандидаттардың шетелмен байланысын немесе оны әшкерелейтін компромат бар-жоғын тексеру қалыпты жағдай болатын.
Ал биография деректерін тексеруден бас тарту сол қалыптасқан дәстүрді бұзу саналады. CNN дереккөзінің хабарлауынша, тексерістен жалтару Трамптың ұлттық қауіпсіздікке жауапты мекемелерге сенімсіздігін де көрсетеді.
Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі прокурор Дэн Мейер жаңа команданың тексеріске қатысты ұстанымдарын қатаң сынады: Олар ФБР-дың ережені үйлестіргенін қаламайды, олар оны жойғысы келеді.
Трамптың кейбір кеңесшілері, тіпті 5 қарашадағы сайлауға дейін-ақ, кейбір кандидаттарды тексермеуге үндейтін жадынама да тарата бастаған. Жағдайдан хабары бар дереккөздің CNN-ге айтуынша, биография деректерін жылдам тексере алатын жеке мамандарды жалдау да ұсынылған.
Мэтт Гетцтің әрекетін бірнеше жылдан бері әділет департаменті мен өкілдер палатасының этика жөніндегі комитеті зерттеп келеді. Гетцтің жыныстық құлдық мақсатында адам саудасымен айналысу ісіне қатысы бар деп айтылады. Әділет министрлігі Гетцке айып тағудан бас тартқан, ал өкілдер палатасының этика жөніндегі комитетінің зерттеуі бірнеше күн бұрын флоридалық конгрессмен қызметінен кеткен кезде тоқтатылған. Гетц өзінің заңсыз әрекеттерге қатысын жоққа шығарады.
Ал Габбард АҚШ-тың қарсыласы ретінде танылған шетел жетекшілеріне, қатігез диктаторларға да "жұмсақтық" танытқан болуы мүмкін. Мәселе Ресей мен Сирия президенттері жөнінде болып отыр. Бұл Трамптың одақтастары мен сыншылары арасында да сұрақ туындатып отыр деп жазды CNN. Мысалы, Габбард 2017 жылы Сирия президенті Башар Асадпен кездесіп, 2019 жылы ол "АҚШ-тың жауы емес" деп мәлімдеген.
Егер Гетц тексерістен жалтарса, ФБР бәрібір сенаттың сұрауымен өздігімен зерттеу жүргізуі мүмкін. Алайда тексеріс процесінен хабары бар бір дереккөз кандидаттың келісімінсіз кейбір деректерді жинау қиын болатынын айтқан.
АҚШ шенеуніктері Трамптың ауысу командасы министрлер кабинетіндегі ең жоғары лауазымды орындарға кандидаттардың тізімін қашан беретінін күтіп отыр. Олар ресми түрде тексерілгеннен кейін құпия құжаттарға қол жеткізе алады. Бұл туралы CNN дереккөзі хабарлады.