Астана дүкендерінің бірінде газ баллоны жарылып, өрт шықты
Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы дүкендердің бірінде өрт шығып, дүкен жұмысшысы ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дүкен қызметкерінің қазіргі жағдайы туралы айтылмады.
"Оқиға салдарынан дүкен қызметкері ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары газ баллонын өрттен қауіпсіз аймаққа жеткізді. Мәліметтерге сәйкес, өрт 60 шаршы метр аумақта сөндірілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!