ru24.pro
World News in Kazakh
Ноябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Аяз және қар: ауа райы қалай өзгереді?

0

Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде – 14, 15 және 16 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
14-16 қарашада Қазақстанда ауа райы өзгереді. Антициклон әсерінен аптаның ортасында елдің батысы мен оңтүстігінде, содан кейін оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта 16 қарашада ашық, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Алайда, елдің солтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында әлі де қар жауады, солтүстігінде боран болады деп күтіледі.
15 қарашадан бастап батыс облыстарға жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ көктайғақ әкелетін циклон келеді. Қазақстанның оңтүстік-шығысында 14 қарашада түнде қалың қар жауады деп болжанған. Сондай-ақ республиканың түрлі аймақтарында тұман түсіп, жел күшейеді.

"Түнде батыста ауа температурасы 1-10 градус жылыға дейін көтеріледі, солтүстік-батыста және солтүстікте 2-11 градус аязға дейін, орталықта 5-13 градус аязға дейін, шығыста 5-18 градусқа дейін нөлден төмен, оңтүстікте 2-10 аязға дейін, елдің оңтүстік-шығысында түнде 2-13 градусқа дейін төмендейді", - деді метеорологтар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!