Ақтөбе облысында тікұшақ құлады
9 қарашада күндіз Ақтөбе облысы Мартөк ауданы Сарыжар ауылы маңына тікұшақ құлады. Бұл ақпаратты Ақтөбе облыстық төтенше жағдай департаменті растады.
"Шамамен жарты сағат бұрын құлады. Тікұшақта үш адам болған: біреуі қаза болды, зардап шеккен екі адамды сол маңдағы ауруханаға апара жатыр" деді кезекші бөлімдегі қызметкер.
Оның сөзінше, қорғаныс министрлігінің тікұшағы апатқа ұшыраған.
Қорғаныс министрлігі тікұшақ құлағанын растады.
"Бүгін, 9 қарашада сағат 11:40-та 112 нөміріне Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылының ауданында тікұшақтың қатты қарқынмен қонғаны туралы хабарлама келіп түсті. Әуе кемесі, болжам бойынша, ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі" деп жазылған хабарламада.
Апатқа ұшыраған МИ - 8 тікұшақ бортында үш адам болған, біреуі қаза болған. Зардап шеккен екі адам ұшақпен Ақтөбедегі облыстық ауруханаға жеткізілген.
Әзірге зардап шеккендердің жағдайы белгісіз.
Сарыжарда Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институтының аэродромы орналасқан.
(Ақпарат толықтырылады)