ru24.pro
World News in Kazakh
Ноябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

9, 10 және 11 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады?

0

Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде – 9, 10 және 11 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктер болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігін солтүстік циклон жауып, сондықтан тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Қар жауады; батыс және оңтүстік аймақтарда жауын-шашын - жаңбыр, қарлы боран мен көктайғақ болады. Елдің көп бөлігінде секундына екпіні 15-29 метр қатты жел соғады. 9 қарашада түнде Қостанай облысында, 10-11 қарашада республиканың шығысында қалың қар жауады деп болжанған", - делінген хабарламада.

Республиканың оңтүстігінде ауа температурасы күндіз 8-13 градусқа дейін, таулы аймақтарда 5 градусқа дейін жылы болады деп күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!