ru24.pro
World News in Kazakh
Ноябрь
2024
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

ШҚО-да ҚАЖД қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін сотталып, шенінен айырылды

0

ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өскемен соты облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлеріне қатысты үкімді жариялады.

"№17 мекеме бастығының бұрыңғы орынбасары мен аға инспектор жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы тұрғын үй комиссиясына әдейі жалған мәліметтер беру арқылы 5,8 миллион теңге көлеміндегі қаражатты ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сотталғандар әділет майоры мен лейтенанты арнайы атақтарынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!