Алматыда қандай тұрғын үй кешендерінен пәтер алуға кеңес берілмейді: жаңа тізім
Алматыда жылжымайтын мүлік сатып алу ұсынылмайтын тұрғын үйлердің тізімі жаңартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.
Өзекті ақпарат бойынша тізімде 36 тұрғын үй кешені бар. Тізілім құрылысқа рұқсат беру құжаттарының толық пакеті жоқ, сондай-ақ жобадан ауытқулармен және басқа да бұзушылықтармен салынған бірқатар тұрғын үй кешендерімен (ТК) толықтырылды.
"Айта кету керек, тізімге құрылысы әлі басталмаған, рұқсат құжаттары жоқ нысандар кірді. Басқарманың ақпаратына сәйкес, осындай ТК бойынша ұсыныстар интернет-ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады", - делінген хабарламада.
Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қала құрылысын бақылау басқармасының WhatsApp +7 705 896 60 00 анықтамалық арнасы бойынша ТК құжаттарының толық пакетінің бар екеніне көзжеткізген жөн.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!