Ақтаудағы су тапшылығының себебі айтылды
"МАЭК" өкілдері ауыз судың неге жетіспейтінін және мұның жылумен қалай байланысты екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Компания резервуарларды толтыруда қиындықтарға тап болғанын айтты. "МАЭК" ЖШС өндіретін судың көп көлемі жылумен қамту жүйесін толтыруға жұмсалады.
"Каспий тұщыту зауытын кеңейту жұмыстары аяқталып жатыр. Ауыз су өндірісін ұлғайту арқылы кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланып жатыр. Құйылыс-Меловое (ұзындығы 46 шақырым) кен орнындағы су құбырын қайта жаңғырту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары да соңғы сатыда", - деді компания өкілдері.
"МАЭК" өкілдері бұл су құбыры арқылы жұмыс аяқталғаннан кейін қаланы сумен қамтамасыз етілетінін айтты.
Айта кетейік, шілдеден бері Ақтауда су мәселесі тұрғындар наразылығын тудырған еді. Жаздың ең ыстық күндері ЦУВС-4 "МАЭК" резервуарларындағы су деңгейі өте төмен деңгейде болды.
2024 жылғы 20 шілдеде "МАЭК" сумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!