Қар және жаңбыр: Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанаға арналған ауа райы болжамы
31 қазанда Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан түнде 2-7, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1 градус аяз – 1 градус жылы, күндіз 3-5 градус жылы.
1 қарашада көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең тұман, көктайғақ. Оңтүстіктен соғатын жел екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз 3-5 градус жылы.
2 қарашада бұлтты, түнде өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 5-7 градус жылы.
Алматыға арналған ауа райы болжамы
31 қазанда Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 12-14 градус жылы.
1 қарашада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 13-15 градус жылы.
2 қараша көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 15-17 градус жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!