ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

Қарағанды-Балқаш тасжолының жаңа учаскесі ашылды

0

Қарағанды-Балқаш автожолының 31 шақырым құрайтын жаңа учаскесінде қозғалыс ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Қарағанды-Балқаш бағытындағы республикалық маңызы бар Астана-Алматы автомобиль жолының учаскесінде қозғалыстың ашылғаны туралы хабарлайды.

"Ақсу ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі жаңадан ашылған төрт жолақты І техникалық санаттағы учаскенің ұзындығы 31 шақырым құрайды. Қазіргі уақытта осы автожолдың 172 шақырымында қозғалыс ашық", - делінген хабарламада.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тосқауылдар мен уақытша жол белгілері, жылдамдық режимі және жол жұмыстары жүріп жатқаны туралы белгілер орнатылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!