ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

Астанада лифтте тұрып қалған адамдар құтқарылды

0

Астанада құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған адамдарды шығарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
Сарыарқа ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерінің бірінде 3 ересек адам лифт ішінде тұрып қалған.

"Лифтке жауапты қызметке жүгініп, күтіп тұрған кезде іштегі әйелдің тынысы тарылып, өзін жайсыз сезіне бастаған. Сондықтан олар 112 нөміріне қоңырау шалады. Шақыру орнына келген құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен лифт есігін ашып, адамдарға шығуға көмектесті", - делінген хабарламада.

Олар медициналық көмекке мұқтаж емес.
ТЖМ лифтте тұрып қалсаңыз мына ережелерді еске салады:

алаңдамаңыз және басқаларды тыныштандырыңыз;диспетчерге хабарласыңыз;барлық түймелерді қатарынан баспаңыз; лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңызбарлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!