ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман мен көктайғақ болады

0

"Қазгидромет" Қазақстанның 12 облысы мен Астанада күтіліп отырған тұман мен көктайғаққа байланысты дауылды ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында және шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстікте шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды ​​облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен батысында тұман түседі.

Күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел күндіз облыстың оңтүстігінде - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең батыста, Маңғыстау облысының орталығында тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігінде түнде тұман түседі. Таңертең оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түркістан облысының батысында және солтүстігінде күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстікте күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с.

Күндіз солтүстікте, Ұлытау облысының орталығында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең шығыста, облыс орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!