ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

Израильдің Иранға шабуылы: Тегеран БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын сұрады

0

Тегеран Израильдің Иранға зымыран шабуылына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Ислам Республикасының миссиясында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "РИА Новости"-ге сілтеме жасап.

"Иран Ислам Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасынан осы ауыр бұзушылықтар мен заңсыз әрекеттерді қарау және осы қылмыстық режимді жауапқа тарту үшін шұғыл отырыс өткізуді сұрайды", - делінген Иранның тұрақты өкілі Амир Саид Ираванидің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы және БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутеррештің атына жазған хатында.

Еске салайық, 26 қазанға қараған түні Израиль қорғаныс Армиясы (ЦАХАЛ) 1 қазанда еврей мемлекетіне жаппай шабуылға жауап ретінде Ирандағы әскери нысандарға соққы берді. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Израиль Иранға шабуыл жасаған кезде F-35 жойғышты қосқанда 100-ден астам ұшақты жұмылдырған.
Кейінірек Израиль Иранға шабуыл жасау туралы ресми мәлімдеме жасады. ЦАХАЛ мәлімдемесіне сәйкес, израильдіктер миссияны орындалды деп санайды. Тегеран өз кезегінде Иран территориясына соққы бергеннен кейін жауап беру құқығын пайдаланатынын мәлімдеді.
Батыс және Таяу Шығыс елдерінің басшылары екі тарапты да сенбіде Израильдің Иранға қарсы соққыларынан кейін жағдайды ушықтырмауға шақырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!