ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

Атырау облысында бір сағат бұрын ғана ескерту алған жүргізуші жол апатына түсіп, төрт адам қаза тапты

0
Атырау-Орал тасжолында бір сағат бұрын жолда ескерту алған жүргізуші жол апатына түсіп төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы ПД мәліметіне сілтеме жасап.
26 қазанда Атырау облысы Полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Атырау-Орал тасжолында 4:00 шамасында Ресей елінде тіркелген Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатып, жол жүрісі ережесінің талаптарын бұзғаны үшін жүргізушісіне хаттама толтырған және түнгі уақытта сақтық шараларына мұқият болу керектігі ескерткен.

"Алайда, ескертулерге қарамастан таңғы сағат 06:00 шамасында Атырау-Орал тасжолында Daewoo Nexia автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай қарама-қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, көлік толықтай отқа оранды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта атағалған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.












Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Атырау Облысы Полиция Департаменті (@police.atyrau)


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!