ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

Қаскелеңде тұрғын үйден өрт шығып, бір адам ауруханаға түсті

0
Алматы облысында өртсөндірушілер 5 адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Қарасай ауданы Қаскелен қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтер жанды. ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялады. 15 тұрғын өздігінен далаға шықты. Өртсөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді", - делінген хабарламада.

70 шаршы метр алаңда өрт сөндірілген.

"Өрт салдарынан 1957 жылы туған әйел күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!