ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

Ақтаудағы облыстық ауруханада төтенше жағдай болды

0

Ақтаудағы Маңғыстау облыстық ауруханасында науқас тыр жалаңаш күйде терезеден секірмек болды. Төтенше жағдай 25 қазанда 26-шағынауданда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" және inaktau.kz мәліметіне сілтеме жасап.
Желіде оқиғаның видеосы пайда болды. Кадрларда жалаңаш ер адамның үшінші қабаттың терезесінен секірмек болғанын, оны бірнеше ер адам ұстап тұрғанын көруге болады.

Маңғыстау облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі 54 жастағы науқастың ауруханаға жүрек ауруымен түскенін айтты. Ол реанимацияда нейроинсульт бөлімінде ем алып жатқан. Ер адам психомоторлық қозу жағдайында терезеден секіруге тырысқан.
Құтқарылғаннан кейін невропатолог ер адаммен сөйлескен, науқасқа тыныштандыратын дәрі берілгені айтылды. Қазір оның жағдайы бірқалыпты, дәрігерлердің бақылауында.
Алдын ала болжам бойынша, өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне отбасылық жанжал себеп болған. Қазір науқастың бөлмесінің жанында полиция қызметкерлері кезекшілікте тұрғаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!