ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

KMF ISKER HANYMY: Қазақстанның үздік кәсіпкер ханымдары марапатталды

0
Isker Hanymy премиясының салтанатты марапаттау рәсімі Алматы қаласында өтті.
Қазақстандық кәсіпкер әйелдер бизнестің жаңа бағыттарын құрып, елдің экономикалық дамуына маңызды үлес қосып келеді. Кәсіпорындар мен стартаптарға қаржылық қолдаудың өсіумен қатар әйелдер де кәсіптеріне инновациялар енгізіп, агро-сектордан бастап қызмет көрсету саласына дейінгі түрлі бағытта көшбасшылық рөлді батыл алып жүр.
Кәсіпкерлерге қаржылық қолдау
Көбінесе бизнестегі ханымдар қаржылық көмек алу үшін KMF микроқаржылық ұйымына жүгінеді. Осы компанияның қолдауымен көптеген кәсіпорын аяғынан тұрып қана қоймай, өз саласында айтарлықтай дамыды. "KMF" МҚҰ АҚ әйелдер кәсіпкерлігін 1997 жылы алғаш құрылған күнінен бастап қолдайды.

"KMF-те әйелдер бизнесін қолдауға арналған бірнеше бағдарламалар бар, бұл тек қаржыландыруды қамтамасыз ету ғана емес, кәсіпкерлердің қаржылық білімдерін арттыруға да бағытталған. KMF және KMF-Демеу сарапшылары Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі өңірлерге барып, әйелдер үшін үнемі оқыту тренингтерін өткізеді", - деді Қарлығаш Райханова, KMF МҚҰ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.


KMF ISKER Hanymy премиясы
2021 жылы әйел кәсіпкерлерді қолдау үшін KMF және KMF-Демеу корпоративтік қоры сарапшылардан білім алуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін KMF Isker Hanymy жобасын құрды. Жыл сайын жоба аясында KMF Isker Hanymy премиясы өтеді.
Төрт жыл ішінде жобаға қатысуға еліміздің 17 өңірінен 5000-ға жуық ханымнан өтінім түскен.
Биыл қазылар алқасы жобаға қатысатын 80 кәсіпкер ханымды іріктеп алды. Өткен жұмада түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Әсел Машанова қатысушыларға шабыт сыйлады
Қатысушылар Қазақстанның ең табысты белгілі кәсіпкер Әсел Машановамен жеке кездесті. Ол әйелдерді жаңа шыңдарды бағындыруға ынталандырды.
KMF Isker Hanymy жеңімпаздары
Сыйлықтың жүлде қоры 7 миллион теңгеден асты. Бас жүлде - тұрмыстық техникаға 1 миллион теңгелік сертификат. Сондай-ақ, негізгі номинанттарға тұрмыстық техникаға 500 мың теңгелік сыйлық табысталды.
KMF ISKER Hanymy 2024 премиясының бас жүлдесі Талдықорған кәсіпкері Айша Наримбаеваға бұйырды. Сыйлықты жеңімпазға KMF басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов табыстады.

Оған қоса, қазылар алқасы 11 қатысушыны қосымша атап өтіп, тұрмыстық техникаға 100 мың теңгегелік сыйлық берді. ЕҚДБ сарапшыларынан бизнес бойынша топтық офлайн-консультациядан өту мүмкіндігіне төрт жеңімпаз ие болды.
Негізгі номинациялар бойынша жеңімпаздар:

Агро-бизнестің дамуына қосқан үлесі үшін – Рахима Сейдалиева.
Бизнес дамуына қосқан үлесі үшін – Эльмира Турегельдиева.
ШОБ дамуына қосқан үлесі үшін – Жазира Дуйсебаева.
Әлеуметтік бизнес – Олеся Шамина.
Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – Айсауле Аманшы.


Тәжірибе алмасу платформасы
KMF Isker Hanymy премиясы марапаттау рәсімі ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу, шабыт пен мотивация алаңына айналды.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы