ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

2024 жылы қанша қазақстандық көлігіне VIP-нөмір сатып алған?

0

Жыл басынан бері қанша қазақстандық VIP-нөмір сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ берген мәлімет бойынша, 2024 жылы Қазақстан тұрғындары сұранысы жоғары 31 667 көлік нөмірін берген.

Еске салайық, сұраныс бойынша ең арзан мемлекеттік тіркеу нөмірлері (VIP нөмірлері) 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 болып табылады. Олардың құны 57 АЕК (210 330 теңге) болады.

Құны бойынша келесі орында: 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 сандық белгілеу нөмірлері бірдей әріптік белгілермен. Мұндай нөмірлердің құны - 114 АЕК (420 660 теңге).

Келесі: 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 800, 888, 900, 999. Олардың құны - 137 АЕК (505,530 теңге) .

Сандық белгілеу нөмірінің бағасы бойынша, келесі орында 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлері бірдей әріптік белгілермен. Құны 194 АЕК (715 860 теңге) болады. Бұдан кейін, 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Құны - 228 АЕК (841 320).

Ең қымбат VIP нөмірлер 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық белгілеулері болып табылады. Олардың құны - 285 АЕК, яғни 1 051 650.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!