ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Оралда 13 жастағы қыз зорланған оқиға: сот жазаны қатаңдатты

0

Оралда 13 жастағы қыздың зорлануына қатысты іс бойынша бес сотталушы бар, олардың төртеуі - кәмелетке толмағандар. Сот үкімі бойынша сотталғандардың жазасы қатаңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.
2024 жылы 5 маусымда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 13 жастағы қыздың зорлануына қатысты іс бойынша үкім шықты. Бес адам сотталушы ретінде танылды. Қыз зорлады деген айыптан бөлек, оларға ұрлық, бұзақылық жасағаны үшін айып тағылды. Сот сотталушыларды кінәлі деп танып, 7 жыл 6 айдан дейін 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Қылмыс жасалған кезде 19 жаста болған сотталушы М. ең ұзақ мерзімге сотталды. "Зорлау" бабы бойынша сот оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Алайда сотталушылар, ата-аналары олар кінәсіз екенін айтты. Олардың сөзінше, жасөспірімдер бұл қылмысты жасаған жоқ, қызға ешкім тиіспеген, ал жәбірленуші мен анасы шағым айтудан бас тартты.
Сот үкімімен келіспеген сотталушылар мен адвокаттары қайта шағымданды. Облыстық сотта бұл іс төрт ай бойы қайта қаралды. 18 қазанда апелляциялық алқа істің нүктесін қойды.

"Қылмыстар жиынтығы бойынша бап қолданылды, М. пен Н.-ны 7 жыл 7 ай мерзімге (бұрын жаза мерзімі 7 жыл 6 ай болған), Қ.-ны 8 жыл 1 ай мерзімге (бұрын жаза мерзімі 8 жыл болған) бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", - деді қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Азат Ізбасаров.

Қалған бөлігінде сот үкімі өзгеріссіз қалды.
Сот үкімі заңды күшіне енді. Сотталғандардың ата-аналары үкіммен тағы да келіспеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!