ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ақмола облысында жасырын есірткі зертханасы жойылды

0
Ақмола облысы Ерементау ауданында есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхана жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті Ерементау ауданындағы прокуратура органдары үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетін тоқтатты.

Қазақстан азаматы есірткінің кезекті партиясын дайындап жатқан кезінде ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

"7 келіге жуық мефедрон психотроп заты, 100 литрден аса прекурсор, сондай-ақ, синтетика жасауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.


Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлімі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!