ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматы облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

0

Алматы облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрі Ержан Саденов жедел кеңесте жеке құрамға ПД жаңа басшысын таныстырды.

"ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен Мейрам Әбікеев облыстық Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып Бағдат Әшімов тағайындалды. Жедел кеңестің қорытындысы бойынша министр нақты тапсырмалар берді.
ІІМ басшысы Талғар ауданындағы кәмелетке толмаған жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу барысы туралы жедел-тергеу тобын жеке тыңдады. Қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, бұған дейін бұл лауазымды Бауыржан Әленов атқарған. 7 қазанда ол ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!