Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын қызметтен босатты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаевты қызметінен босатты. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Рысбаев 2023 жылдың қарашасынан бері осы қызметті атқарған және криминалды полицияға жетекшілік еткен.
Бұл Алматы облысында қатігездікпен өлтірілген, қоғамда резонанс туғызған 16 жастағы Шерзат Болаттың өлімінен кейін ІІМ басшылығындағы тағы бір кадрлық ауыс-түйіс.
7 қазанда президент Тоқаев ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне Бауыржан Әленовті тағайындаған.
Әленов 2022 жылдың тамызынан бері Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.
Қазақстан қоғамын дүр сілкіндірген Шерзат Болаттың өлімінен кейін жеті күннен соң оның жақындарының үйі өртенді. Тергеу органдары үйге әлдекімдер от қойған болуы мүмкін деп санайды. Марқұмның отбасы өздерін қорғауды сұраған.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, тұрғындардың бір бөлігі қылмысқа жергілікті қылмыстық топтың қатысы бар деп санайды. Ал ІІМ жасөспірімнің қазасына ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысы жоқ, ондай "топ есепте жоқ" деп мәлімдеген.
Бірақ соған қарамастан жасөспірімнің қазасынан кейін жергілікті шенеуніктер отставкаға кетті. Талғар әкімі Бақыт Күрішбеков пен орынбасары Сағындық Матан "лауазымдық міндеттерін тиісті дәрежеде атқармағаны үшін" қызметтерінен кеткен. Талғар ауданының әкім аппаратының жетекшісі Аслан Қасымбаев отставкаға жіберілді. Ақпаратқа қарағанда, ол "ұйымдасқан қылмыстық топқа жетекшілік ететін" Хасан Қасымбаевтың бауыры. Әкімдік өкілдері бұған дейін Аслан Қасымбаевтың туыстарынан хабарсыз екенін айтқан.