ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Өте жақсы, тәрбиелі“. Депутат Тұрлыханов ұлы туралы айтты

0

Дәулет Тұрлыхановтың пробациялық бақылауда тұрған ұлының басы дауға қалды. Желіде оның тойда отырған видеосы тараған еді. Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, сот қаулысымен оның ұлына бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ол алғаш рет тәртіп бұзып отырған жоқ.
Журналистер депутаттан ұлының Алматыға тойға барғанын біле ме деген сұрақ қойылды.

"Білген жоқпын. Бұл іске араласқым келмейді. Жас қой әлі... Онымен үнемі сөйлесетінмін. Қай әке баласының жаман болғанын қалайды? Әрине, бұл туралы ойлаймын. Біз оған қолымыздан келгеннің бәрін жасадық, бірақ неге және қалай болғанын білмеймін. Жасы небәрі 21 жаста болса да соңынан аңдып жүр. Егер оның психикасына зардап тисе, кім жауапты? Сондықтан айтарым: менің балам өте жақсы, тәрбиелі. Енді достарымен араласа алмай ма? Туған күн кешіне баруға болмай ма? Бұл туралы қатты алаңдаймын. Баламның денсаулығы да алаңдатады", - деді Тұрлыханов Мәжіліс кулуарында.

Журналистер депутаттан танымал болғаны үшін өкіне ме деп сұрады.

"Арамызда өзгенің бақытты екенін көре алмайтындар бар. Ондай адамдар бар. Мен бір мандатты округтен сайландым. Тек сайлаушылар шешеді. Мен мандаттан бас тартамын ба, жоқ па... Ел азаматы ретінде мемлекетіміздің болашағы үшін үлкен жауапкершілікпен жұмыс істеймін. Әріптестер тарапынан менің жұмысым туралы сұрақ туындамайды. Қазақстан азаматы ретінде өз жұмысыма бар күш-жігерімді салатынымды айтқым келеді", - деді ол.

Тұрлыханов заңнамаға сәйкес, енді ұлы бас бостандығынан айырылуы мүмкін деген сауалға да пікір білдірді.

"Ол небәрі 21 жаста. Неге оны бас бостандығынан айыруымыз керек? Не үшін? Сағат 20:30-да ол әріптестерімен отырды. Ішпейді. Оны бірден түрмеге жапсақ, тәрбие емес қой", - деді депутат.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері Тұрлыхановтан ұлының денсаулығына алаңдауына қатысты "өз-өзіне қол жұмсау" туралы меңзеп отыр ма деген сұрақ қойды.

"Бәрі болуы мүмкін. Оған күнде әр жерден жазып жатады. Біреулер дұрыс нәрсе, біреулер бұрыс нәрсе жазады. Бала ғой, ол да бұл туралы ойлайды. Балам үшін қатты уайымдаймын. Ұйықтай алмай жүр", - деп Тұрлыханов қазір оған ұрыспайтынын мойындады.

Еске салайық, осыдан бір жыл бұрын, нақтыласақ, 2023 жылдың 11 ақпанында әскери қызметкер Нұрасыл Болат Алматыдағы түнгі клубтың жанында ерлі-зайыпты Анна мен Олег Черновтарды ұрып-соққан болатын.
Жақында мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың шартты мерзімде жүрген ұлы кезекті рет пробациялық бақылау тәртібін бұзғаны белгілі болды. Әлеуметтік желіде оның тойда жүргені көрсетілген видео тарады. Салтанатты кеш 11 қазан күні Алматыда болған.
Айта кетейік, бостандығын шектеу тәртібіне сай депутаттың баласына мұндай іс-шараларға баруға шектеу қойылған болатын.
Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Нұрасыл Болат пробациялық бақылау талабын бұзғандықтан, оның жазасы бостандығын шектеуден, бостандықтан айыруға ауыстырылуы мүмкін екенін хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!