ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2024

Марбург вирусы: бас санитария дәрігерінен Қазақстандағы жағдай туралы сұралды

0

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы, Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова Қазақстанда Марбург вирусын жұқтыру жағдайлары тіркелді ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бейсенова журналистердің сұрағына жауап бере отырып, адамдар Марбург вирусын ауыр өткеретінін және өлім қаупі жоғары болтанын айтты.

"Жоқ, Қазақстанда жоқ (бұл вирус - еск.). Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жарқанаттардан таралуы мүмкін жаңа қауіпті вирустың пайда болғанын хабарлады. Марбург вирусының табиғи ошақтары - Оңтүстік, Батыс және Орталық Африка. Бұл Оңтүстік Африка, Габон, Судан, Конго Республикасы, Либерия, Зимбабве, Гвинея, Кения және Руанда сияқты елдердің аумағы. Марбург ауыр ағым және жоғары өлім қаупі, геморрагиялық синдроммен сипатталады және бауырдың, асқазанның және орталық жүйке жүйесінің зақымдалуына әкеледі. Адамдар оны жарқанаттардан және науқаспен жақын байланыста жұқтырады. Сарапшылардың айтуынша, вирус өте қауіпті: бүгінде оған қарсы вакцина жоқ, дәрі жоқ, симптоматикалық ем жүргізіледі", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!