ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Astana LRT бұрынығы басшысының ісі сотқа жолданды

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Astana LRT ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ардан мен Астана банкінің бұрынғы мажоритарлық акционері Олжас Тоқтаровқа қатысты қылмыстық істерді тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, тергеу барысында аталған тұлғаларды жауап алуға шақыру шаралары қолға алынған.

"Күдіктілердің Қазақстаннан тыс жерде болуына және келуден жалтаруына байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та күдіктілерді шақыру туралы хабарлама жариялады. Тергеу нәтижесінде жиналған ауыр қылмыстың дәлелдері аталған адамдардың іс-әрекеттерін сырттай саралауға мүмкіндік берді", - деді Биғайдаров Антикордағы брифингте.

19 қыркүйекте қылмыстық іс сотқа жіберілді. Қазіргі уақытта материалдар қаралып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!