ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Синоптиктер бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

0

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 9 қазанда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!