ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстанда қанша ауыл жойылу алдында тұр?

0

Елімізде қанша ауыл бар және қаншасы жойылып кетті? Қанша ауылдық елді мекен жойылу алдында тұр? Олардың себептері қандай? Massaget.kz тілшісі аталмыш сұрақтардың жауабын білу үшін Ұлттық экономика министрлігіне сауал жолдады.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Ауылдар санына қатысты дерек
Министрліктің мәліметінше, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республикада 6208 ауылдық елді мекен бар. Соңғы 5 жылда ауылдар саны 6341-ден 6208-ге дейін немесе 133-ке азайды. Мұның себебін ведомство 50 адамнан аз шаруа қоныстары мен өзге де қоныстар ең жақын маңдағы елді мекеннің құрамына енгiзiлетінімен түсіндірді. Сондай-ақ мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған Алатау қаласына сол маңдағы 12 ауылдың біріктірілгені аталды.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабының 3-тармағына сәйкес халқының саны 50 адамнан аз шаруа қоныстары мен өзге де қоныстар ең жақын маңдағы елді мекеннің құрамына енгiзiледi. Мұндай АЕМ тұрғындары таратылған АЕМ-ге қоныс аудармай-ақ тұруын жалғастыра алады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының жаңа Алатау қаласын құру туралы Жарлығына сәйкес Алматы облысында 12 ауыл Алатау қаласының құрамына енгізілді", – деп жауап берді министрлік.

Ауыл тұрғындарының азаюына не себеп?
Еліміздегі жалпы ауылдық жерлерде тұратын халық саны 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 7,6 млн адамды құрайтыны аталды. Ал бұл ел халқының жалпы санының 38,4%-ын алып отыр.

"2019-2024 жылдар аралығында ауыл халқы 114 мың адамға азайып, қала халқы 1,8 млн адамға өсті. Ауыл тұрғындары үлесінің төмендеуінің негізгі себебі – урбанизация процестерінің өсу қарқыны", – деп түсіндірді ведомство.

Облыс әкімдіктерінің мәліметтері бойынша қазіргі таңда халқының саны 50-ден аз, жалпы саны 14,6 мың адам тұратын 574 ауыл елді мекен бар. Министрлік мемлекет тарапынан осы ауылдардың инфрақұрылымын қолдау, сондай-ақ халыққа базалық қызметтер көрсету сақталатынын айтты.
"Шағын АЕМ (ауылдық елді мекен – журналист) (50 адамнан аз) ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларына (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №234 бұйрығы) сәйкес басқа елді мекендерге көшу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмысқа орналастыру, көлікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз ету жағдайлары қарастырылған", – деп жауап берді министрлік.
Ауылдарды қайта қалпына келтіру үшін қайтпек керек?
Ведомство шағын елді мекендерді қалпына келтіру үшін жаңа жұмыс орындарын құру және еңбекке қабілетті жас халықтың ағынын, сондай-ақ бизнесті және халықты (қоныс аударушылар мен қандастар) тарту қажеттігін айтты.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.