ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

0

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы8 қазанда Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан түнде 2-7, күндіз секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 18-20 градус жылы.9 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 19-21 градус жылы.10 қазанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 17-19 градус жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы8 қазанда Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 21-23 градус жылы.9 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 21-23 градус жылы.10 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!