ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қостанай облысындағы ұн тарту кәсіпорнында төрт адам қаза тапты

0

Қостанай облысындағы ұн тарту кәсіпорнында төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға Рудныйда болған. Жұмысшылар ұн комбинатындағы бункерде қаза тапты. Оны тазалау кезінде төтенше жағдай болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео пайда болды.

Төрт жұмысшы бункерге түсіп, қайта шыға алмаған. Бункердің тереңдігі бес метр болады. Оқиға туралы 112 пультіне хабарланды.

"Оқиға орнына ТЖД, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері дереу келді. Құтқарушылар жұмысшылардың денесін бункерден шығарды. Жедел медициналық қызмет қызметкерлері өлім дерегі туралы хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!