ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2024
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

18 жасқа толған азаматша тұңғыш рет референдумға қатысты

0

Референдум барысында түрлі айшықты оқиғалар легі толастар емес. Мәселен Тараздағы №36 мектептегі №68 референдум учаскесіне дәл бүгін 18 жасқа толып, дауыс беру құқығына ие болған сайлаушы келді.

Шұғыла Серікбай осындай атаулы күнге тұспа-тұс келген туған күнінде ел үшін маңызды қадам жасап жатқанына риза екенін жеткізді.

— 18 жасымды осылай атап өтемін деп ойламадым. Бұл менің есімде мәңгі қалатын оқиға. Дәл осы күні қазақ елі тұтастай өзінің болашағы үшін маңызды таңдау жасап жатыр. Мен осы елдің азаматы ретінде мұның мән маңызын ерекше сезінемін. Әрі осы күні дауыс беру құқына ие болғаным үшін де өзімді бақытты санаймын. Әркімге меншікті мерекесін дәл бұлай атап өту бұйыра бермейді. Алдағы уақытта да елімнің болашағы үшін маңызды таңдау жасап, азамат ретінде өз үнімді қосатын боламын, — деді туған күн иесі Шұғыла Махмұтқызы.

Аталған учаскедегі комиссия төрағасы Қалтай Арынұлы туған күн иесіне барша комиссия мүшелерінің атынан арнайы сыйлық тарту етіп, кәмелеттік жасқа толған өренге ақ тілегін жеткізді.

Айта кету керек, қазіргі таңда Тараздың барлық референдум учаскелерінде саяси науқан қызу жүріп жатыр. Маңызды оқиға барысында әсіресе жастардың үні басым.

Сообщение 18 жасқа толған азаматша тұңғыш рет референдумға қатысты появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.