ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2024
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Президент онлайн сот процестерінің тиімділігі туралы айтты

0

Астанада судьялардың IX съезінің ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот отырыстарын онлайн режимде өткізудің тиімділігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент биыл екі сот процесі онлайн режимде өткенін атап өтті.

"Биылдан бастап сот отырыстары онлайн көрсетіле бастады. Осылайша, миллиондаған адам сот процестерін сот жүйесінің ашықтығы арқылы көре алды. Мұның бәрі біздің азаматтарымыздың үлкен сенімін тудырады. Бұл болмаған жаңалық", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл жастардың заңгерлік мамандыққа деген қызығушылығын арттыратынын да айтты.

"Онлайн сот процестері азаматтарымыздың құқықтық сауаттылығын арттырады, әрине, заңдылық пен әділеттілікті нығайтады", - деп қосты Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!