ru24.pro
World News in Kazakh
Октябрь
2024
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қарағанды ​​облысында жүзге жуық адам бес жасар баланы іздеді

0
Петровка ауылының бес жасар тұрғыны Бұқар Жырау аудандық Полиция басқармасының бүкіл ұжымын, ТЖД қызметкерлері мен ауылдастарын аяққа тұрғызды. Баланы төрт сағат бойы 400-ден аса адам иттерімен іздеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
28 жастағы анасы сәбидің жоғалғаны туралы 3 қазанда кешке полицияға хабарлаған. Әйел баланың үйдің ауласынан жоғалып кеткенін хабарлаған.
Полиция басшылығы дереу кинологтардың қатысуымен ауқымды жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырған. Оларға ТЖД қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар да қосылды.

Топтарға бөлініп, іздеуге қатысушылар айналадағы аумақтарды зерттеді. Қараңғы батып кеткендіктен іздеу барысы қиындай түскен. Іздеуге қатысушылар әртүрлі нұсқаларды пысықтап, баланы барлық жерде іздеген. Төрт сағаттан кейін жоғалған бала туған ауылынан бір шақырым қашықтықта, даладан табылды.


"Іздеуге барлығы 400-ден астам адам қатысты. Баланы Петровка ауылынан бір шақырым жерде ауыл тұрғындары мен полиция қызметкерлері тапты. Бұқар Жырау аудандық полиция басқармасының басшылығы іздеуге қатысқан барлық жанашыр азаматтарға жедел көмек пен қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!