ru24.pro
World News in Kazakh
Сентябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30

Атырауда ер адам жаяу жүргіншілер көпірінен секіріп кеткен

0

Атырауда жаяу жүргіншілер көпірінен суға секірген адам құтқарылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін 112 желісіне Атырау қаласы Тұрғындар шағынауданындағы жаяу жүргіншілер көпірінен белгісіз адам суға секіріп кеткені жөнінде хабарлама түскен.

"Шақырту орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары адамды судан шығарып, қайық үстінде алғашқы көмек көрсетіп, есін жидырды. Құтқарылған адам жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!