Бишімбаевтан 1,5 миллиард теңге өндіру сұралды
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді соттан Қуандық Бишімбаевтан моральдық шығын ретінде 1,5 миллиард теңге және мүліктік шығын ретінде 8,8 миллион теңге өндіруді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Талапкер мен оның өкілдері қойылған талаптарды толық қолдап, талап арызды қанағаттандыруды сұрады. Салтанат Нүкенованың ата-анасы моральдық зиян өтеу туралы дербес талаптар қоймағанымен, жазбаша жауапта талапкердің талаптарын қолдап, талап арызды толық қанағаттандыруды сұраған.
Сот шешіміне сәйкес, Бишімбаевтың өкілі келтірілген шығын көлемін 1,5 миллион теңге көлемінде өтеуді, ал моральдық шығынды 5 миллион теңгеден 20 миллион теңгеге дейін анықтауды сұраған.
Еске салайық, бұған дейін сот Қуандық Бишімбаевтан материалдық залал мен моральдық зиянды өндіргені туралы жазған болатынбыз. 24 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі қылмыстық іс бойынша шеккен шығыстарды 6 877 672 теңге және моральдық зиянның өтемақысын 10 миллион теңге сомасында төлеуге тиіс.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!