ru24.pro
World News in Kazakh
Сентябрь
2024

Алматы облысында тексерістен кейін 17 шенеунік жазаланды

0

Алматы облысында 17 шенеунік мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғары аудиторлық палатаға сілтеме жасап.
Алматы облысында тексеру іс-шаралары мамырда аяқталды. Аудиторлық іс-шаралар қорытындысы бойынша, бюджет және өзге де заңнама бойынша бірқатар заңбұзушылықтар анықталған.

"ЖАП нұсқамасын орындау шеңберінде жол берілген заңбұзушылықтар үшін облыстың атқарушы органдарының 17 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Өңірдің облыстық басқармаларының бірінің басшысына қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Алматы облысының әкімі мемлекеттік аудит кезінде анықталған заңбұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Бүгінде оны жүзеге асыру жалғасып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!