ru24.pro
World News in Kazakh
Сентябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

0

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

20 қыркүйекте Астанада көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Шығыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 16-18 градус жылы.

21 қыркүйек көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 20-22 градус жылы.

22 қыркүйекте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 20-22 градус жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

20 қыркүйекте Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Шығыстан соғатын жел екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

21 қыркүйек көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

22 қыркүйекте көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8 жел соғады, күндіз екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 25-27 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!