ru24.pro
World News in Kazakh
Сентябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қызылордадағы секс-құлдық: 13 фигурант анықталды - ІІМ

0

16 жастағы оқушыны секс-құлдыққа тарту туралы іс бойынша Қызылордада 13 фигурант анықталды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Онда 13 адам анықталды, олардың 11-і қамауға алынды. Бүгінде бірқатар баптар бойынша қылмыстық істер қозғалды", - деді Лепеха Сенат кулуарында.

Ішкі істер министрінің орынбасарының айтуынша, тағы екі адам үйқамақта.

"13 фигурант - бұл қатысы барлар және тікелей ұйымдастырғандарды қосқандағы. Тергеу бұл мәселемен айналысады. Барлығы тексеріледі. Оның ішінде клиенттер", - деп қосты министрдің орынбасары.

Шенеунік басқа мәлімет бермеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!