ru24.pro
World News in Kazakh
Сентябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Алматыда 51 сот орындаушысы жазаланды

0

Алматы прокурорлары жеке сот орындаушыларын жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы прокуратурасы әкімшілік айыппұлдар мен салық берешектерін өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттардың заңдылығы тұрғысынан талдау жасады.

"ЖСО-ның 1000-нан астам борышкерге қатысты олардың банктік шоттарына және мүлкіне тыйым салу жөнінде шаралар қабылдамаған деректері анықталды, жалақыдан берешекті ұстап қалу жүргізілмеген, сондай-ақ елден тыс жерлерге шығуға шектеу қойылмаған. Заңбұзушылықтар борышкерлердің сот актілерін орындаудан ұзақ уақыт жалтаруына және бюджетке қаражат түспеуіне әкеп соқтырды, осылайша жазаның бұлтартпастық қағидаты бұзылды", - делінген хабарламада.

Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 50 жеке сот орындаушылары тәртіптік жауаптылыққа тартылды, 1 ЖСО-ға қатысты оны палатадан шығару рәсіміне бастама жасалды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 75 миллион теңгеден астам қаржы өндірілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!