ru24.pro
World News in Kazakh
Сентябрь
2024

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

0

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 488,6 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 783,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 705 миллиард теңге қарастырылған.
2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 405 мың адам.

"2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 872 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 275 теңге, базалық зейнетақы – 42 597 теңге", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!