Ақтауда көлік қаққан ер адам оқиға орнында көз жұмды
Қайғылы оқиға 15 қыркүйекке қараған түні 5 және 6 шағынаудандар арасындағы автожолда болды. Маңғыстау облысының полиция департаменті оқиға жайлы егжей-тегжейлі ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, Toyota Camry жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, ол алған жарақат салдарынан оқиға орнында қайтыс болған.
Жол-көлік оқиғасына кінәлі ұсталып, полицияға жеткізілді.
Суреттер: Әлия Шәріпова
Адамның өліміне әкеп соққан жол жүру ережесін немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу дерегі бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.
Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, қайтыс болған адам шамамен 40-50 жаста.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!